How Kampin Kukka grew from a local flower store to a Helsinki institution


Years in business

Year-on-year growth

Wolt+ campaign uplift
31 жыл бойы Яана Kampin Kukka дүкенін күн сайын ашып, анасының шағын гүл дүкенін Хельсинкидегі танымал орынға айналдырды. Wolt арқылы ол 20,000-ға жуық тапсырысты орындап, кәсібін дамытудың жаңа жолдарын тапты: жұмыс күндеріндегі қарбалас тапсырыстардан бастап, сәнді гүл шоқтарына дейін. Яана Мюрттинен анасының оған гүл дүкендерінің бірін басқаруды ұсыну үшін хабарласқанын әлі де ұмытпайды.
Ол бұл ұсыныс туралы түні бойы ойланып, ертеңіне келісімін берді, бастапқыда бұл іс тек бір-екі жылға созылады деп ойлады. Ол отыз бір жыл өтсе де, тіпті Рождество мен жаз ортасында да, әлі күнге дейін Kampin Kukka дүкенін күн сайын ашады. Басында шағын ғана гүл дүкені болған Kampin Kukka бүгінде туған күндерде, қоштасу сәттерінде және көңіл-күйді көтеру қажет қарапайым сәттерде көмектесетін жергілікті сүйікті орынға айналды.
"Гүл әрқашан керек," — дейді Яана.
Жеткізу қызметін дүкен жұмысының ажырамас бөлігіне айналдыру
2020 жылы жеткізу қызметіне қызығушылық танытып, кәсібін дамытудың жаңа жолын іздеген Яана Финляндияда Wolt-қа алғашқылардың бірі болып қосылған гүл сатушылардың қатарында болды. "Біз трендке ермейміз, өз жолымызбен жүреміз. Сондықтан Wolt-қа қосылу біз үшін табиғи шешім болды," дейді ол.
Wolt-тан жаңа тапсырыс түскен сайын, дүкендегі жұмыс қыза түседі. "Бұл маған ерекше қуаныш сыйлайды," — дейді Яана. "Осы дыбысты естіген сайын, ойыма бірден ақша келеді." Яананың командасында жұмыс істейтін гүл дүкенінің сатушысы Ольга былай дейді: "Хабарлама келгенде, біз бірден іске кірісеміз. Бұл бізге тез әрі мұқият жұмыс істеуге көмектеседі."

Содан бері команда Wolt арқылы 20, 000 тапсырысты орындады: бір тал гүлден бастап, құны €1000 болатын 100 раушаннан құралған гүл шоқтарына дейін. "Біз үшін әр тапсырыс маңызды. Кішкентай немесе үлкен тапсырыс болса да, әрқайсысына бірдей көңіл бөлеміз," — дейді Яана
Нидерландтан жаңа гүлдер келгенде, жылдам жеткізу олардың тез сатылуына да көмектеседі. "Неғұрлым көп сатсам, соғұрлым көп гүл сатып ала аламын. Гүл сатып алғанды қатты жақсы көремін."
Тиімді маркетингтің нақты нәтижелері
Шағын кәсіпте әрбір еуроның тиімді жұмсалуы маңызды.
Яана үшін бұл маркетингке бөлінген қаржыны нақты нәтиже әкелетін жерге жұмсау дегенді білдіреді. "Басқа платформаларда қандай нәтиже алатынымды нақты білмейтінмін. Wolt арқылы есептерді қарай аламын. Жұмсаған ақшамның қандай нәтиже әкелетінін білемін."
Статистика оның сөзін растайды.
Жақында өткізілген Wolt+ науқаны Kampin Kukka дүкенінің сатылымын 58%-ға арттырды. Нақты нәтижелер Яанаға осы бағытқа көбірек қаржы жұмсауға сенім берді. "Осы жазды маркетингке бөлінген барлық қаржыны Wolt-қа жұмсадық", — дейді ол.
Өте қарбалас күндерді сенімді басқару
Аналар күні — гүл дүкендері үшін күнтізбедегі ең маңызды күндердің бірі әрі көбіне ең қарбалас кезең. Kampin Kukka дүкенінің алғашқы жылдарында кезек көшенің бойымен 100 метрге дейін созылатын. Команда қарқынға ілесе алмай, тұтынушылар ұзақ күтуге мәжбүр болатын.
Wolt мұндай күндердегі жұмыс ырғағын өзгертті. Дүкен әлі ашылмай тұрып-ақ, қолданба арқылы 100-ден астам алдын ала тапсырыс түседі. Отбасылар гүл шоқтарын уақытында алады, ал қызметкерлер жұмыс қарқынына ілесіп үлгереді.

Wolt дүкенге ауа райы мен маусымға қарамастан тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Бұрын жаңбырлы күндері тұтынушылар саны азайса, қазір мұндай күндері жеткізу тапсырыстары күрт артады. Енді ұлттық мерекелерде де дүкен жұмысы тоқтамайды.
2023–2024 жылдар аралығында Kampin Kukka дүкенінің Wolt арқылы сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 26,7%-ға өсті. "Wolt болмаса, осы көлемдегі тапсырыстарды орындауға ресурстарымыз болмас еді", — дейді Яана. "Бұл біздің жұмысымыздың бір бөлігіне айналды."
Сүйіспеншілікпен өсу
Яана Kampin Kukka дүкенін отыз жылдан астам уақыт бойы басқарып келе жатса да, жұмысының ең қарапайым бөлігінен — дүкенді жаңа гүлдермен толтырудан әлі де ләззат алады.
Осы сүйіспеншілік оған қарбалас мерекелерді, қыстың ұзақ күндерін және 20,000 тапсырысты еңсеруге күш берді және бүгінде Wolt оның жанында болып, дүкенінің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
Wolt дүкеніңізге қалай көмектесе алады?
Яана үшін даму — өзі жақсы көретін ісімен көбірек айналысуға, дүкенін сан алуан түстермен жандандыруға, сондай-ақ үлкен және кіші маңызды сәттерде қоғамға қызмет етуге көбірек мүмкіндік алу.
Егер өз болмысыңызға сай, тұрақты әрі шынайы өсуді қаласаңыз, бізге хабарласыңыз.