Условия и положения Wolt Ads для партнеров
Сатушыларға арналған Жарнама (Wolt Ads) шарттары мен талаптары
Сатушыларға арналған осы Жарнама (Wolt Ads) шарттары мен талаптары («Шарттар») Wolt («Wolt», «біз» немесе «бізге») өзінің сауда серіктестеріне («сіз») ұсынатын барлық Wolt Ads және басқа да жарнамалық науқандарға («Науқандар») қолданылады. Осы Шарттарды қабылдаған кезде, олар Wolt marketplace платформасында сауда серіктесі ретінде болуыңызға қатысты бізбен жасалған қызмет көрсету келісімінің («Негізгі келісім») бір бөлігі болады.
1. Науқандар
1.1 Біз Wolt платформасында немесе Wolt компаниясының басқа жарнамалық арналарында ұсынысыңыздың орындалуына ықпал ету мақсатында Науқандардың әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз. Әртүрлі Науқан түрлерінің қолжетімділігі әр елде әртүрлі болуы мүмкін.
1.2 Науқандарға бізге жарнаманы орналастыруға тапсырыс бере отырып, сізге қолжетімді өз-өзіне қызмет көрсету құралдарымызды («Портал») пайдалану немесе басқа жолмен сізге Науқан жасауға рұқсат беру арқылы тапсырыс («Тапсырыс») бере аласыз. Wolt кез келген уақытта Порталды және кез келген Науқан мүмкіндігін өзгерте немесе тоқтата алады.
1.3 Науқанға тапсырыс беру үшін сіз сатып алу қажет Науқан түрін таңдап, Науқан бюджеті, оның басталу және аяқталу күндері сияқты қажетті өрістерді толтырасыз (жалпылама түрде «Енгізу»). Сіз енгізілген деректердің дұрыстығын тексеруге және тек сіздің өкілетті өкілдеріңіздің тапсырыс беруін қамтамасыз етуге жауаптысыз.
1.4 Порталда тапсырысты орналастырмас бұрын, Wolt науқанның Wolt платформасында қалай көрінетінін алғы көріністі көрсетеді. Алғы көріністі тексеруге және Науқанның тиісті елдің қолданыстағы заңдары мен ережелеріне сәйкес келетініне көз жеткізуге тек сіз жауаптысыз.
1.5 Біз сіз үшін қосымша Науқандар жасай алатынымызға және бұрыннан бар науқандарыңызды, оның ішінде олардың ұзақтығын өзгертетінімізге келісесіз. Біз сізге электрондық пошта арқылы кез келген қосымша науқандар немесе өзгерту туралы жазбаша растауды жібереміз.
1.6 Біз науқандардан алынатын нәтижелерге немесе өнімділігіне не сапасына кепілдік бермейміз немесе ешқандай мәлімдеме жасамаймыз. Біз берген кез келген ұсыныс нәтижелерге кепілдік бермейді. Біз ұсынған кез келген бағалау тек болжам болып табылады. Порталда немесе басқаша жолмен біз ұсынған кез келген орташа сан тек орташа мәндер болып табылады және қол жеткізуге болатын нақты нәтижелерді көрсетпейді.
1.7 Науқанға тапсырыс беру және осы Шарттарды растау — сіз бен біздің арамыздағы міндетті келісім.
2. Акциялық науқандар
Тегін жеткізу
2.1 Тегін жеткізу науқанына тапсырыс орналастырған кезде, сіз тапсырысыңызға және тапсырысты енгізуіңізге сәйкес, Wolt пайдаланушыларының жеткізу ақысын төлейсіз.
2.2 Біз тегін жеткізу науқандарының тапсырыстарына қарамастан, Wolt пайдаланушысынан олардың жеткізу тапсырысына байланысты қызмет ақысын, қосымша комиссияларды және басқа алымдарды алуға құқығымыз бар.
Тапсырыс құны және тауар (X сатып алып, Y алыңыз) жеңілдіктері
2.3 Тапсырыс құнына немесе тауарға (X сатып алып, Y алыңыз) қатысты жеңілдік науқанына тапсырыс берген кезде, сіз тапсырысыңызға және тапсырыс үшін енгізуге сәйкес, Wolt пайдаланушыларының өнімдеріңізге берген тапсырыстарына қолданылатын жеңілдіктердің құнын төлейсіз.
2.4 Жеңілдіктер қызмет көрсету немесе қосымша комиссиялар сияқты төлемдердің кез келген түріне қолданылмайды.
2.5 Тапсырыс құны бойынша жеңілдік науқандарында тапсырысыңызда анықталған жеңілдік Wolt пайдаланушысы қандай өнімдерді сатып алатынына байланысты науқан қамтыған орындағы бүкіл өнім таңдауына қолданылуы мүмкін. Тапсырыс құнына немесе тауарға жеңілдік науқанына жататын өнімдеріңіздің жеңілдікпен сатылуын қамтамасыз ету үшін тек сіз жауаптысыз.
2.6 Тегін жеткізу үшін енгізу, X сатып алып, Y алыңыз немесе тапсырыс құны бойынша жеңілдік науқандарының бір бөлігі ретінде максималды бюджетті орнатқан болсаңыз, біз бюджет бітуге жақын уақытта орналастырылған науқанға сәйкес Wolt пайдаланушысының жеке тапсырысын орындау үшін сіздің бағаңыз бойынша бюджетті асыра аламыз.
Бонус карталары
2.7 Бонус картасына тапсырыс берген кезде, сіз әрбір бонус картасы үшін Wolt пайдаланушысына берілетін бонусты («Wolt пайдаланушысына берілетін бонус») және шарттарды орындау үшін алынатын комиссияны төлейсіз. Wolt пайдаланушысына берілетін бонус жергілікті валютадағы кредиттер түрінде беріледі. Бонус карталары жағдайында, бұл кредиттерді тек бонус картасының мақсатты аудиториясы үшін белгіленген Wolt мекемелеріңізде пайдалануға болады.
2.8 Сізден тек шарттары орындалып, бонус алған бонус карталары үшін төлем алынады. Wolt пайдаланушыларында шарттарды орындағаннан кейін өз кредиттерін алу үшін 30 күн бар, сондықтан төлем науқан мерзімі аяқталғаннан кейін де алынуы мүмкін. Науқан мерзімі аяқталғаннан кейін бонус картасы бойынша шарттарды әрі қарай орындау мүмкін емес.
Fire Deals
2.9 Fire Deal науқанына тапсырыс берген кезде, мекемелеріңіздегі Wolt пайдаланушыларының тапсырыстарына қолданылатын жеңілдіктерді сіз төлейсіз. Fire Deals — жаңа немесе осы науқанға сәйкес келетін Wolt пайдаланушыларын тартуға арналған, себеттегі тапсырыстарға уақытша жеңілдік беретін, пайдаланушыларға көріну мүмкіндігі жоғары науқан.
2.10 Fire Deals үшін жеңілдік пайызын біз өз шешіміміз бойынша анықтаймыз, ол әр науқанға қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сіз Fire Deals науқаны тек таңдалған Wolt пайдаланушыларына көрсетілуі мүмкін екенін, сондай-ақ науқанның көрсетілу уақытын, жиілігін, орналасуын және пайдаланушыларға көріну деңгейін біз анықтайтынымызды мойындайсыз және келісесіз. Fire Deals науқаны Wolt пайдаланушысына көрсетілгеннен кейін тек белгілі бір уақыт аралығында қолжетімді болады. Сіз науқанның қолжетімді болу мерзімін, соның ішінде кері санақ таймерін және науқанның аяқталу шарттарын біз анықтайтынымызға келісесіз. Науқан барысында жеткілікті ресурстардың, тауар қорының және жұмысқа дайындықтың қамтамасыз етілуіне толықтай өзіңіз жауаптысыз.
3. Жарнамалық науқандар
3.1 Біз баннерлер, өнім ұсыныстары және қолданбадан тыс науқандар сияқты әртүрлі жарнамалық науқандарды ұсынамыз. Жарнамалық науқанға тапсырыс берген кезде, науқанға қатысы бар орныңыз/орындарыңыз Wolt платформасындағы және/немесе Wolt компаниясының басқа жарнамалық арналарындағы әртүрлі тізімдерде көбірек көрнекті болуы мүмкін. Жарнаманы орналастыруыңыз бен көрінуіңіз жарнамалар тапсырысы бойынша ұсыныс сомасына да, Wolt пайдаланушысына қатыстылығыңызға да (мысалы, Wolt пайдаланушысының орналасқан жерімен және сатып алу тарихымен салыстырғанда сіз орналасқан жердің маңыздылығы) байланысты болады. Біз нақты көрінуге еш кепілдік бермейміз.
3.2 Жарнамалық науқанға тапсырыс бергенде, апталық бюджетті таңдайсыз. Бұл апталық бюджет бір апта ішінде күнделікті бюджетке (жетіге) бөлінеді. Жарнамалық науқан бюджетіңізге күн сайын немесе апта сайын жетпеуі мүмкін болғандықтан, күнделікті бюджетіңіз күнделікті бюджетіңіздің екі есесінен аспаса және бір күнтізбелік айдағы (немесе Науқанның қызмет ету мерзіміне, қайсысы қысқа болса) жалпы бюджетіңізден аспаса, біз оны уақытша асыра аламыз.
3.3 Тапсырысыңызда таңдаған баға ұсынысы жарнамалар науқаны арқылы жасалған тапсырыс үшін төлейтін ең жоғары сома болады. Науқан бойынша аукциондағы баға ұсынысыңыздың нәтижесі туралы сізге хабарламаймыз.
3.4 Біз әрбір жарнамалық науқанға ең төменгі баға ұсынысын қолданамыз, ол ең төменгі баға деп аталады, бұл — сіздің Жарнамалық науқаныңыз арқылы жасалған Тапсырыс үшін төлейтін ең төменгі сома. Біз біржақты тәртіпте ең төменгі баға ұсынысын белгілеу және өзгерту құқығын сақтаймыз. Қолданылатын ең төменгі баға ұсынысының сомасы порталда көрінеді.
3.5 Біз сізден тек Wolt пайдаланушылары тапсырыстарына әкелетін жарнамалар үшін ақы аламыз. Біз жарнамаларға басқаннан кейінгі жеті күндік атрибуцияны қолданамыз, яғни егер Wolt пайдаланушысы жарнаманы басқан болса және сол басылғаннан кейін жеті күн ішінде сатып алса, біз сол тапсырыс үшін жарнамалар ақысын аламыз.
3.6 Біз жарнаманың ақылы немесе оған демеушілік жасалатыны туралы хабарландыруларға тұтынушыға қатысты ақпаратты қамтуымыз мүмкін. Мұндай ақпараттың формасы мен мәтінін біз белгілейміз, дегенмен жарнамаңызда басқа немесе қосымша ақпарат болуы керек деп ойласаңыз, бұл туралы бізге хабарлауға өзіңіз жауаптысыз.
4. Басқа науқан түрлері
4.1 Біз ұсыныстарымызды тұрақты түрде әзірлеп, кеңейтеміз және сізге осы Шарттарда сипатталмаған Науқан түрлерін ұсына аламыз. Осындай Науқан түрлеріне қолданылатын шарттар мен талаптар сізге Порталда немесе жарнаманы орналастыруға тапсырыс бергенде беріледі және осындай Науқанға тапсырыс беру арқылы сіз қолданыстағы шарттар мен талаптарды орындауға келісесіз.
5. Төлемдер мен салықтар
5.1 Қолданыстағы тапсырыста көрсетілген алымдарды («Алымдар») төлеуіңіз керек. Алымдар серверлік бақылау механизмдеріне және тапсырысқа қолданылатын есеп айырысу критерийлеріне негізделетін болады. «Тәуекелсіз» деген кез келген сілтеме науқан кезінде Wolt-тағы Wolt пайдаланушысының тапсырысына әкелген кезде ғана Науқан үшін төлейтіндігіңізді білдіреді.
5.2 Сіз тапсырыс үшін қолданылатын алымдарды төлеу негізгі келісім бойынша төлемдерімізге байланысты сізге берешек сомалардан шегерім арқылы жүзеге асырылатынына келісесіз. Бұл шегерімдердің уақыты Негізгі келісім бойынша анықталған төлемдермен бірдей болады, сондықтан шегерімдер Науқан кезінде орын алуы мүмкін.
5.3 Балама ретінде сіздің сұрауыңыз бойынша және біздің келісімімізбен, тиісті шегерімдерді сізге тиесілі сомалардан ұстап қалудың орнына, шот-фактура ұсына аламыз.
5.4 Мұндай жағдайда әрбір жарнамалық Науқан аяқталғаннан кейін, сізге шот-фактура жібереміз. Төлем мерзімі — шот-фактура берілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн. Төлем мерзімі өтіп кеткен жағдайда, біз қолданыстағы заңнамада рұқсат етілген ең жоғары мөлшерде өсімпұл (кешікітірлген төлем үшін пайыз) есептеуге, сондай-ақ мерзімі өткен шот-фактураларды өндіріп алу кезінде жұмсаған негізді шығындарымыздың өтелуін талап етуге құқылымыз. Төлемді шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша банктік аударым арқылы жасау қажет.
5.5 Біздің шот бойынша төлем жасау мүмкіндігін кез келген уақытта тоқтатуға және 3.2 бөліміне сәйкес тиісті сомаларды ұстап қалу тәртібіне қайта оралуға құқығымыз бар.
5.6 Қолданыстағы заңдарға сәйкес, алымдарға ҚҚС қосылады.
6. Бас тарту
6.1 Науқаннан кез келген уақытта Портал немесе бізге хабарласу арқылы бас тарта аласыз. Дегенмен Науқан басталғаннан кейін Науқаннан бас тартуды сұрасаңыз, сізден бас тарту сұрауыңыздан кейін, бірақ Науқан Wolt платформасынан жойылмай тұрып, алынатын алымдар алынуы мүмкін.
6.2 Біз кез келген уақытта Wolt платформасындағы Науқаннан бас тартуға немесе оны жоюға құқылымыз.
7. Есеп беру
7.1 Біз сізге Науқандарыңызға («Науқан деректері») қатысты немесе онымен байланысты жасалған ақпаратты портал арқылы немесе басқа жолмен бере аламыз. Науқан деректерін пайдалану мәліметтерді жария етпеуді немесе құпиялықты қамтитын кез келген ережені және келесі шектеулерді қоса алғанда, Негізгі келісім бойынша жүзеге асырылады: сіз Науқан деректерін тек (a) Науқандарды жоспарлау және басқару үшін және (b) ішкі мақсаттарыңыз үшін Науқандардың өнімділігін бағалау мақсатында пайдалана аласыз. Сіз Науқан деректерін осы құжатта тікелей рұқсат етілгендей ғана пайдалана және аша аласыз, сондай-ақ сіз серіктестеріңізге, мердігерлеріңізге немесе агенттеріңізге Науқан деректерін кез келген басқа жолмен немесе кез келген басқа мақсатта, соның ішінде (i) Wolt пайдаланушысын немесе құрылғысын қайта бағыттауға, (ii) Wolt пайдаланушысының немесе құрылғысының профилін жасауға, толықтыруға не оған қосуға немесе (iii) кез келген Wolt пайдаланушысын немесе құрылғысын сәйкестендіруге (ii) рұқсат етпейсіз. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, сіз Науқан деректерін заңды және міндетті сот бұйрығын, заңын немесе үкіметтік не реттеуші органның нұсқауын орындау үшін талап етілетін дәрежеде (кез келген осындай ашудың алдында бізге хабарлау қажет болған жағдайда) аша аласыз. Барлық Науқан деректері — Wolt компаниясының эксклюзивті меншігі және құпия ақпараты.
8. Өтемақы
8.1 Негізгі келісімдегі кез келген өтемақы міндеттемелеріне қоса, сіз бізді кез келген және барлық талаптан, міндеттемеден, залалдан, шығыннан, алымнан (оның ішінде ақылға қонымды адвокаттық алымдар) және науқан тапсырыстарынан, енгізу деректерінен немесе осы Шарттарды бұзудан туындайтын немесе олармен байланысты кез келген үшінші тарап шағымдарына қатысты шығындардан қорғайсыз, залалдарды өтейсіз және зияннан қорғауды қамтамасыз етесіз.
9. Басқа шарттар
9.1 Осы Шарттарда қамтылмаған кез келген тиісті тақырып үшін Негізгі келісім шарттары мен талаптары қолданылуы керек.
9.2 Осы Шарттар мен Негізгі келісім арасында қандай да бір қайшылық болса, осы Шарттарға басымдық беріледі.
9.3 Осы Науқан шарттарын біржақты өзгерту құқығын сақтаймыз. Біз сізге Шарттарға енгізілген кез келген маңызды өзгеріс туралы кемінде 15 күн бұрын Порталда немесе электрондық пошта арқылы хабарлаймыз.
Wolt компаниясының соңғы рет жаңартқан күні: 4 қараша, 2026