Серіктестердің Wolt-та алғашқы күннен бастап табысқа жету тәсілі
Wolt сауда серіктестерінің көріну деңгейін жақсарту, тапсырыстар санын арттыру және мекемені алғашқы күннен бастап табысты ету тәсілдері туралы біліңіз.

Шолу
- Мекемені онлайн режимде ұстау және тапсырыстарды жіберіп алмау
- Нақты және тиімді жұмыс уақытын орнату
- Түсінікті әрі тартымды мәзір жасау
- Әділ және тиімді бағаларды ұсыну
- Жарнамалар мен науқандар арқылы көріну мүмкінідігін арттыру
- Қабылданбаған тапсырыстар санын азайту
- Өнімділікті жүйелі түрде бақылап отыру
Параметрлерді басынан бастап дұрыс орнату процесі Wolt-тағы табысыңызға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Әрқашан қолжетімді болып, мәзірін үнемі жаңартып отыратын, тұтынушыларға сенімді қызмет көрсететін сауда серіктестері тұтынушылар санын арттырып, қолданбадағы көріну деңгейін жақсарта алады.
Бұл нұсқаулықта Wolt-тағы бизнесіңізді алғашқы күннен-ақ сәтті бастауға көмектесетін практикалық әдістер қарастырылған.
Мекемені онлайн режимде ұстау және тапсырыстарды жіберіп алмау
Неліктен бұл маңызды?
Тұтынушылар ашық және тапсырыс қабылдайтын мекемелерден ғана тапсырыс бере алады. Мекемеңіз неғұрлым тұрақты түрде онлайн режимде жұмыс істесе, тұтынушылардың сізді тауып, тапсырыс беру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Мекемеңіз жиі офлайн режимде болса немесе қарбалас уақыттарда тапсырыстарды қабылдауды тоқтатса, тұтынушылар басқа мекемені таңдайтын болады.
Мекемеңіздің қолжетімділігін арттырудың басқа да жолдарын білу үшін Мекеме қолжетімділігін барынша арттыру тәсілі нұсқаулығын қараңыз.
Ең үздік әдістер
Көрсетілген жұмыс уақытында мекемеңіз әрдайым онлайн режимде болсын
Merchant қолданбасын әрқашан ашық күйде ұстаңыз
Мүмкіндігінше уақытша жабылу жағдайларына жол бермеңіз
Планшетіңіздің, принтеріңіздің немесе POS терминалыңыздың дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз
Қарбалас кезеңдерде қолжетімсіз тағамдар туралы ақпаратты жылдам жаңартыңыз
Қызметкерлер мен тауар қоры жеткілікті болатындай етіп қарбалас сәттерге алдын ала дайындалыңыз
Техникалық мәселелер туындаса, тапсырыстардың бірқалыпты ағынын қамтамасыз етуге көмектесетін жылдам шешімдерді алу үшін Wolt принтері мен планшетіндегі ақауларды жою тәсілі бөлімін оқып шығыңыз.
Кәсіби кеңес: әрқашан онлайн режимде болатын мекемелер уақыт өте келе көбірек тапсырыс алады.
Нақты және тиімді жұмыс уақытын орнату
Неліктен бұл маңызды?
Нақты жұмыс уақыты тұтынушыларға тапсырыс беру уақытын анықтауға көмектеседі. Қарбалас кезеңдерде ашық болсаңыз, мекемеңіз қолданбаны шолып отырған тұтынушыларға көбірек көрінетін болады.
Ең үздік әдістер
Жұмыс уақытын үнемі жаңартып отырыңыз
Мүмкіндігінше қарбалас уақытта немесе сауда қызатын уақытта ашық болыңыз
Жарнамаланған уақыттан ертерек жабылуға жол бермеңіз
Мерекелік жұмыс уақытын алдын ала жаңартыңыз
Жұмыс уақытыңызды жаңартуға көмек керек пе? Мекеменің жұмыс уақытын орнатудың қарапайым қадамдары бөлімін оқыңыз.
жұмыс уақытымды жаңартуКәсіби кеңес: тіпті қарбалас кезеңдерде сәл ұзағырақ ашық тұру арқылы тұтынушылар санын арттыруға болады.
Түсінікті әрі тартымды мәзір жасау
Неліктен бұл маңызды?
Мәзір — тұтынушының мекеме туралы алғашқы әсерін қалыптастыратын негізгі элементтердің бірі. Түсінікті және жақсы құрылымдалған мәзір тұтынушылардың таңдау жасауы мен тапсырыс беруін жеңілдетеді.
Ең үздік әдістер
Мәзірге мүмкіндігінше тағамдардың жоғары сапалы фотосуреттерін қосыңыз
Әр тұтынушы өзіне ұнайтынын табуы үшін кең таңдау ұсыныңыз
Мәзірдегі атауларды қарапайым әрі түсінікті етіп жазыңыз
Әр тағамға түсінікті сипаттама қосыңыз
Мәзіріңізді оңай шолуға болатын санаттарға бөліңіз
Қолжетімсіз тағамдарды дереу алып тастаңыз
Мәзір фотосуреттерін жақсарту қажет пе? Ең үздік әдістер мен кеңестер алу үшін Wolt-та мәзір фотосуреттерін қосу немесе өңдеу тәсілі бөлімін оқып шығыңыз.
мәзірімді қазір жаңартуКәсіби кеңес: толық және жаңартылған мәзірлері бар мекемелердің қолданбаны шолып отырған пайдаланушыларды төлем жасайтын тұтынушыларға айналдыру ықтималдығы жоғары.
Әділ және тиімді бағаларды ұсыну
Неліктен бұл маңызды?
Тапсырыс бермей тұрып, тұтынушылар әдетте әртүрлі мекемені салыстырады. Айқын және тиімді бағалар тұтынушылардың сізден тапсырыс беруге деген сенімін арттырады.
Сондай-ақ барлық арнада біркелкі бағаны ұстау да тұтынушылардың сенімін күшейтуге көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін Біркелкі мәзір бағасының Wolt-тағы көріну мүмкіндігін арттыруға әсері бөлімін қараңыз.
Ең үздік әдістер
Бағаларды үнемі тексеріп отырыңыз
Мәзірдегі бағалардың дәлдігін сақтаңыз
Тиімділікті арттыру үшін мәзір жинақтарын немесе тағам ұсыныстарын ұсыныңыз
Порциялар мен сипаттамалар тұтынушы күткен деңгейде болуын қадағалаңыз
Жарнамалар мен науқандар арқылы көріну мүмкінідігін арттыру
Неліктен бұл маңызды?
Жарнамалар мен науқандар Wolt-тағы мекемеңізді көбірек тұтынушының табуына көмектеседі. Бұл құралдар әсіресе платформаға жаңадан қосылғанда, жаңа тағамдар енгізгенде немесе тапсырыстар азайған кезде олардың санын арттыру үшін пайдалы болуы мүмкін.
Ең үздік әдістер
Сұраныс төмен кезеңдерде тапсырыстарды арттыру үшін науқандарды пайдаланыңыз
Танымал немесе мәзірге қосылған жаңа тағамдарды бөлектеңіз
Тегін жеткізу, комбо ұсыныстар немесе пайыздық жеңілдіктер сияқты қарапайым ұсыныстарды қолданып көріңіз
Жарнаманы аз бюджеттен бастап, нәтижелерге қарай реттеңіз
Тұтынушылар арасында ең тиімді болған науқандарды бақылаңыз
Wolt-тағы маркетинг науқандарымен жұмыс істеуді жаңадан бастап жатсаңыз, негізгі қағидаларды үйрену үшін Маркетинг науқандары 101: жарнамалар мен науқандарды пайдалану әдістері бөлімін қараңыз.
науқанды іске қосуМақсаттарыңызға қай маркетинг құралдары сәйкес келетініне сенімді емессіз бе? Бизнесіңіз үшін тиімді Wolt маркетинг ұсыныстарын таңдау арқылы жарнамалар, науқандар және Wolt+ арасындағы айырмашылықтарды түсінуге болады.
Жаңа тұтынушылар санын арттырғыңыз келе ме? Тиімді ұсыныстар арқылы мекемеңізді жаңа тұтынушылар үшін қалай ерекшелеуге болатынын үйреніңіз.
Қабылданбаған тапсырыстар санын азайту
Неліктен бұл маңызды?
Тұтынушылар тапсырыс беру процесінің ыңғайлы әрі сенімді болғанын қалайды. Тапсырыстардан жиі бас тарту жағдайлары — жоғалған табыс қана емес, сонымен қатар тұтынушылардың сенімі мен адалдығын қалыптастыру мүмкіндігін жіберіп алу. Қабылданбаған әрбір тапсырыс бірден табыстың жоғалуына әкеліп қана қоймай, тұтынушылардың келесі жолы бәсекелестерді таңдау ықтималдығын арттырады, нәтижесінде ұзақ мерзімді табысқа кері әсер етеді.
Ең үздік әдістер
Тапсырыстарды мүмкіндігінше тезірек қабылдаңыз
Тауарлардың қолжетімділігі туралы мәліметтерді күні бойы жаңартып отырыңыз
Тапсырыстан толық бас тартудың орнына, қолжетімсіз тауарларды уақытша алып тастаңыз немесе басқасымен алмастырыңыз
Қызметкерлердің Wolt арқылы келетін тапсырыстарды басқару ережелерін білетініне көз жеткізіңіз
POS жүйесін Wolt-пен байланыстырыңыз
Қосымша ақпарат алу үшін келесілерді оқыңыз:
Мейрамхана саласына жатпайтын серіктестерімізге арналған кәсіби кеңес: қоймада тауарлар таусылған кезде, балама нұсқа ұсыну арқылы қайтарым санын азайтып, тұтынушылардың көңілінен шығуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Қайтарым санын балама нұсқа ұсыну арқылы азайту жолдары бөлімін қараңыз.
Кәсіби кеңес: көптеген тапсырыс мәселелерінің алдын алу үшін қарбалас уақытта мәзір қолжетімділігін үнемі жаңартып отыру керек.
Өнімділікті жүйелі түрде бақылап отыру
Неліктен бұл маңызды?
Мекеме жұмысын жүйелі түрде тексеріп отыру арқылы мәселелерді алдын ала анықтап, бизнесіңіздің тиімділігін арттыруға болады. Уақыт өте келе жасалған шағын жаңартулар тұтынушыға қызмет көрсету сапасын жақсартып, тұрақты дамуға ықпал етеді.
Ең үздік әдістер
Мекемеңіздің өнімділігін апта сайын тексеріңіз
Тұтынушылардың пікірлері мен кері байланысын бақылаңыз
Сатылымы жоғары және әлі де жетілдіру қажет тауарларды зерттеңіз
Уақыт өте келе шағын өзгерістерді сынап көріп, нәтижелерді бақылаңыз
Кәсіби кеңес: сонымен қатар Жеке кабинет арқылы мекемеңізге сәйкес даму мүмкіндіктерін көруге болады. Қосымша ақпаратты келесі бөлімнен қараңыз: Wolt жеке кабинетіндегі жеке дамыту ұсыныстарын алу.