Тапсырыстардың жойылу санын қалай азайтуға болады?
Тапсырыстар жойылуына жол бермеу арқылы тапсырыстар ағыны мен тұтынушылардың көңілінен шығуды қамтамасыз етіңіз.

Шолу
- Неліктен тапсырыстардың жойылуын болдырмау маңызды?
- Тапсырыстардың жойылуы қалай өлшенеді?
- Тапсырыстардың жойылуына не себеп болады?
- Тапсырыстардың жойылуына жол бермеудің тиімді әдістері
- Бүгінгі тапсырыстардың жойылмауын қамтамасыз ететін жылдам шешімдер
- Тапсырыстардың жойылуын азайту — өсудің кепілі
- Көмек керек пе?
Тапсырыс жойылған кезде, сіз тек сол сатылымнан ғана айырылып қалмайсыз. Бұл Wolt қолданбасындағы рейтингіңізге, тұтынушылардың сеніміне және болашақ тапсырыстарыңызға әсер етуі мүмкін.
Не істеу қажет? Көптеген тапсырыстардың жойылуын болдырмауға болады. Бірнеше қарапайым дағды көмегімен көбірек тапсырысты уақытында орындап, тұтынушылар үшін сенімді қызмет көрсету тәжірибесін жасай аласыз.
Неліктен тапсырыстардың жойылуын болдырмау маңызды?
Әрбір орындалған тапсырыс сенімділікті арттырады. Жойылған әрбір тапсырыс кері нәтижеге әкеледі.
Жойылулар санын төмен деңгейде ұстау сізге көмектеседі:
сенімді қызмет көрсету жүйесін құру
сату шығындарын жою
тұтынушыларды қайта тапсырыс жасауға ынталандыру
Тіпті шағын өзгерістер уақыт өте келе үлкен нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Тапсырыстардың жойылуы қалай өлшенеді?
Тапсырыстың жою көрсеткіші сіздің бақылауыңыздағы себептерге байланысты қанша тапсырыстың жойылғанын көрсетеді.
Бұл көрсеткішке келесі жағдайлар кірмейді:
тұтынушы тапсырыстан бас тартты
курьердің болмауы
Бұл көрсеткіш күнделікті жұмыс процесінде жақсартуға болатын нәрсені көрсетеді.
Тапсырыстардың жойылуына не себеп болады?
Көптеген тапсырыстардың жойылуы бірнеше негізгі себептерге байланысты болады:
тапсырысты растау кезіндегі кідіріс
алдын ала берілген тапсырыстардың жұмыс уақыты басталғаннан кейін орындалмай қалуы
тауарлар жоқ, бірақ ассортиментте әлі де бар деп көрсетіліп тұруы
жұмыс уақытының дұрыс көрсетілмеуі
мекеме жұмысы өте қарқынды болған кезде қабылданған тапсырыстар
техникалық немесе POS мәселелері (кіріктірілген жабдықтар үшін)
Шешім — бұл мәселелерді ерте кезеңде анықтап, олардың алдын алудың қарапайым әдістерін қолдану.
Тапсырыстардың жойылуына жол бермеудің тиімді әдістері
1. Тапсырыстардың жойылу жағдайларын үнемі тексеріп отыру
Алдымен тапсырыстардың не себепті жойылғанын Жеке кабинеттен анықтап алыңыз.
Қандай тапсырыстардың жойылғаны және олардың себептерін көруге болады. Осылайша қайталанатын мәселелерді жылдам байқап, жағдайды түзету жоспарын жасай аласыз.
Мұны күнделікті жұмыс тәртібіңіздің бір бөлігіне айналдырыңыз, сонда мәселелерді ерте анықтап, олардың қайталануына жол бермейсіз.
2. Тапсырыстарды түскен бойда бірден растау
Уақытында қабылданбаған тапсырыстар автоматты түрде жойылады.
Тапсыстарға жылдам жауап беру үшін жүйеңіздің дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз:
құрылғыңыздың әрқашан зарядталған және қосулы екеніне көз жеткізіңіз
тұрақты интернет байланысын қамтамасыз етіңіз
хабарландыруларды байқау үшін жеткілікті дыбыс деңгейін орнатыңыз
қызметкерлерді келіп түскен тапсырыстарды бақылауға және қабылдауға үйретіңіз
3. Ассортиментті жаңартып отыру
Тұтынушылар қолданбада көрсетілген тауарлардың қолжетімді болатынына сенеді.
тауарларды бірден қоймада жоқ деп белгілеңіз
күні бойы мәзіріңіздің дұрыс және дәл болуын қадағалаңыз
бар болса, POS жүйесімен біріктіруді пайдаланыңыз
жиі таусылатын тауарларды бақылап, олардың жеткілікті болуын алдын ала жоспарлаңыз
4. Нақты жұмыс уақытын орнату
Егер мекеме жұмыс уақытынан тыс ашық деп көрсетілсе, тапсырыстар жойылуы мүмкін.
жұмыс уақытын үнемі жаңартып отырыңыз
мерекелер немесе арнайы күндерге сәйкес жұмыс уақытын реттеңіз
тапсырыстарды қабылдай алмасаңыз, жүйеден шығыңыз
Жұмыс уақытын жаңарту үшін:
Жеке кабинетке кіріңіз
сол жақ шарлау мәзірінде "Компания туралы мәліметтер" тармағын таңдаңыз
"Арнайы сағаттар" бөліміне өтіп, "+Арнайы сағаттарды қосу" түймесін басыңыз
5. Қарбалас кезеңдерді тиімді түрде басқару
Қарбалас кезеңдер сұраныстың жоғары екенін көрсетеді, бірақ дайындық болмаса, ол тапсырыстардың жойылуына әкелуі мүмкін.
Егер мекемеңіз ашық болса, тіпті мекемеңіздегі тұтынушылардың күту уақыты сәл ұзартылған болса да, кіріп жатқан тапсырыстарды қабылдап, орындауға тырысыңыз.
Бақылауды сақтау үшін:
егер тым бос болмайтыныңызды күтсеңіз, мекеме күйі батырмасын басып, уақытша офлайн режимге өтіңіз және 30 минутқа, 1 сағатқа немесе келесі ашылу уақытына дейін жабуды таңдаңыз.
егер күн сайын қарбалас кезеңдер қайталана беретін болса, жұмыс уақытын соған сай реттеңіз
Тапсырыстарды қабылдап, кейін жойылуына жол бергенше, оларды алдын ала тоқтатқан дұрыс.
6. Жұмыс уақыты басталған кезде алдын ала берілген тапсырыстарды тексеру
Кейбір тапсырыстар алдын ала беріледі және оларды байқамай қалу оңай.
жұмыс уақыты басталған сәтте, жоспарланған тапсырыстарды қарап шығыңыз
жұмыс уақыты басталғаннан кейінгі алғашқы 30 минут ішінде тапсырысты қабылдаңыз
мұны күнделікті жұмыс тәртібіңіздің бір бөлігіне айналдырыңыз
7. Қолжетімсіз тауарларды тиімді түрде басқару
Тапсырыстың бір бөлігі қолжетімді болмаса, тапсырыс күшін толықтай жоюдың қажеті жоқ.
тиісті балама ұсыныңыз (бизнесіңізге сәйкес келсе)
Мүмкіндігінше тапсырыстың қалған бөлігін толық орындаңыз
Бұл тапсырысты сақтауға және тұтынушының көңілінен шығуға көмектеседі.
8. Жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Техникалық мәселелер тапсырыстардың жойылуына әкелуі мүмкін.
POS қосылымын бақылаңыз (кіріктірілген болса)
синхрондау мәселелерін тексеріңіз
құрылғыңыздың әрқашан қосулы және онлайн екеніне көз жеткізіңіз
Бүгінгі тапсырыстардың жойылмауын қамтамасыз ететін жылдам шешімдер
Мына қарапайым әрекеттерді орындаудан бастаңыз:
Тапсырыстарды түскен бойда бірден растау
жұмыс уақыты басталғаннан кейін жоспарланған тапсырыстарды тексеру
қолжетімді емес тауарларды нақты уақыт режимінде қоймада жоқ деп белгілеу
тым қарбалас кезеңдерде тапсырыстарды тоқтату
жұмыс уақытының дұрыс орнатылғанына көз жеткізу
хабарландырулар қосулы және құрылғыны зарядталған күйде ұстау
Тапсырыстардың жойылуын азайту — өсудің кепілі
Тапсырыстар уақытында орындалса, тұтынушылар бұл жағдайды жоғары бағалайды. Жойылған тапсырыстардың аз болуы рейтингіні жақсартады, тұрақты тұтынушылар санын арттырады және бизнесіңіздің ұзақ мерзімді өнімділігін нығайтады.
Тұрақты жұмыс сенімділікті арттырады, ал сенім бизнесіңіздің өсуіне ықпал етеді.
Көмек керек пе?
Сұрақтар туындаса немесе қолдау көрсету қажет болса, біздің команда әрқашан көмектесуге дайын. Кез келген уақытта Жеке кабинет арқылы серіктестерге қолдау көрсету тобына хабарласыңыз.