POS интеграциясы арқылы мейрамхананың күнделікті жұмыстарын оңтайландыру тәсілдері
Wolt пен POS интеграциясы: жұмыс істеу қағидалары, мейрамханаға әсері, сондай-ақ күнделікті жұмысты оңтайландыру үшін POS жүйесін қосу тәсілдері.

Шолу
- POS жүйесі дегеніміз не?
- POS интеграциясы дегеніміз не?
- Аралық бағдарламалық жасақтама дегеніміз не?
- POS жүйесін қосқаннан кейін қандай өзгерістер болады?
- Өзгеріссіз қалатын нәрселер
- Жұмысты бастамас бұрын
- Орнатуға қанша уақыт кетеді?
- POS жүйесін қосуға дайынсыз ба?
Мейрамханаңызды басқару үшін сату нүктесі (POS) жүйесін пайдалансаңыз, оны Wolt-қа тікелей немесе біздің аралық бағдарламалық жасақтама провайдерлеріміздің бірі арқылы қосуға болады.
POS интеграциясы тапсырыстарды, мәзірді және бизнес туралы ақпаратты автоматты түрде синхрондайды, соның арқасында бірнеше жүйені қолмен жаңартуға аз уақыт жұмсап, тұтынушыларға қызмет көрсетуге көбірек уақыт бөле аласыз.
Бұл нұсқаулықта POS интеграциясы қалай жұмыс істейтінін, оның күнделікті жұмысты қалай жеңілдететінін және оны қосуды неден бастау керегін түсіндіреміз.
POS жүйесі дегеніміз не?
Сату нүктесі (POS) жүйесі — мейрамхананың күнделікті жұмысындағы негізгі процестерді басқаруға арналған жүйе. Бұл жүйе келесідей мүмкіндіктерді ұсынады:
Тапсырыстарды қабылдау және басқару
Сатылымдарды қадағалау
Мәзірлерді басқару
Жұмыс уақытын және онлайн күйін жаңарту
Тауар қорын бақылау
Көптеген мейрамхана бизнестің негізгі процестерін басқаруға арналған орталық жүйе ретінде POS жүйесін пайдаланады.
POS интеграциясы бар мейрамханаларда әдетте* мынадай нәтижелер байқалады:
Тапсырыстардың күшін жою жағдайлары 43%-ға аз
Синхрондалған мәзірдің арқасында тағамдардың қолжетімділігі туралы ақпараттың дәлдігі 41%-ға жоғары
Орташа тапсырыс сомасы 15%-ға жоғары
*POS интеграциясы жоқ ұқсас мейрамханалармен салыстырғандағы көрсеткіш
POS интеграциясы дегеніміз не?
POS интеграциясы Wolt серіктесіне арналған аккаунтыңызды POS жүйесімен (немесе аралық бағдарламалық жасақтама провайдерімен) қауіпсіз түрде байланыстырып, екі жүйе арасында ақпараттың автоматты түрде алмасуын қамтамасыз етеді.
Ақпаратты бірнеше жүйеден жаңарту қажет емес — күнделікті пайдаланып жүрген бір жүйе арқылы барлық процесті басқаруға болады.
Аралық бағдарламалық жасақтама дегеніміз не?
Көп жағдайда аралық бағдарламалық жасақтама провайдері (MWP) әртүрлі бизнес жүйелері арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, ақпарат алмасуға көмектеседі. Орнату параметрлеріне байланысты, бұл POS жүйесін, төлем жүйелерін, тауар қорын басқару құралдарын, тұтынушы туралы деректерді және Wolt-ты бір жүйеге біріктіре алады.
POS жүйесін қосқаннан кейін қандай өзгерістер болады?
POS интеграциясы күнделікті жұмысты жүйелі әрі тиімді жүргізуге көмектеседі.
Орын алатын өзгерістер | Мейрамхана үшін артықшылықтар |
Құрылғылар саны азаяды | Бірнеше планшеттің орнына тапсырыстарды POS жүйесі арқылы басқаруға болады |
Тапсырыстар автоматты түрде жіберіледі | Тапсырыстар бірден POS жүйесіне жіберіледі |
Қолмен орындалатын жұмыстар азаяды | Тапсырыстарды қайта енгізудің немесе бірнеше жүйені жаңартудың қажеті жоқ |
Мәзірді бір жүйе арқылы басқару | Мәзірді бір рет жаңартсаңыз, өзгерістер автоматты түрде синхрондалады. |
Жұмыс уақыты және қолжетімділік | Бірнеше бөлек құралдың орнына барлығын бір POS жүйесі арқылы басқаруға болады |
Бірнеше арнаны бір жерден басқару | Әртүрлі платформадағы жеткізу және алып кету тапсырыстарын бір жерден басқаруға болады |
Тапсырыстарды автоматты түрде қабылдау | Wolt тапсырыстарды сіз үшін автоматты түрде қабылдайды — қызметкерлерге ештеңе басудың қажеті жоқ |
Қателер азаяды | Деректерді қолмен енгізуге байланысты қателер саны азаяды |
Тиімді әрі жылдам жұмыс | Қызметкерлер тапсырыстарды дайындап, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсете алады |
Интеграция бойынша қолдау көрсету | Қажет болған жағдайда, интеграция провайдері мен Wolt сізге көмектесе алады |
Өзгеріссіз қалатын нәрселер
POS интеграциясы күнделікті жұмысты автоматтандырады, алайда кейбір процестерді әлі де бақылау қажет:
Мәзірді, бағаларды және қосымша опцияларды үнемі жаңартып отыру
Жұмыс уақыты мен тауарлардың қолжетімділігін басқару
Шоттарды рәсімдеу мен қаржыны басқаруды әдеттегідей жалғастыру
Мына мәселені де ескерген жөн: POS жүйесіндегі қате деректер автоматты түрде Wolt жүйесіне де жіберіледі.
Жұмысты бастамас бұрын
Мейрамханаңызды POS жүйесіне қоспас бұрын, төмендегілердің бар екеніне көз жеткізіңіз:
Wolt серіктесі ретінде жасалған қолданыстағы келісім
Қолдау көрсетілетін POS жүйесі немесе аралық бағдарламалық жасақтама провайдері
POS жүйесі немесе аралық бағдарламалық жасақтама платформасы үшін жасалған толық мәзір
POS жүйесі немесе аралық бағдарламалық жасақтама провайдері жұмысты бастамай тұрып, барлығының дайын екенін тексеруге көмектеседі.
Орнатуға қанша уақыт кетеді?
Егер POS провайдеріңіз Wolt-пен жұмыс істеуге қолдау көрсетсе, мейрамхананы қосу үшін келесі қадамдар мен нақты мерзімдерді білу мақсатында POS/MWP провайдеріне хабарласыңыз.
Жаңа интеграция әзірлеу қажет болса, қосу процесі техникалық параметрлер мен провайдеріңізге байланысты бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.
Жауапкершіліктен бас тарту: интеграция үшін сұрау жіберу оның міндетті түрде мақұлданатынын білдірмейді. Wolt кез келген интеграция сұрауын өз шешімі бойынша қарауға, мақұлдауға немесе одан бас тартуға құқылы.
Wolt өкілі мен интеграция бойынша серіктесіңіз бүкіл процесс барысында сізге қолдау көрсетеді.
POS жүйесін қосуға дайынсыз ба?
Мейрамханаңызды Wolt-қа интеграция бойынша серіктестеріміздің бірі арқылы қосқыңыз келсе, Wolt өкіліне хабарласыңыз. POS жүйеңіздің Wolt-пен үйлесімді екенін анықтауға көмектесіп, қосылудың келесі кезеңдері бойынша бағыт-бағдар береміз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Wolt планшеті маған әлі де қажет бола ма?
Көп жағдайда қажет емес. Тапсырыстар тікелей POS жүйесіне түсетіндіктен, қосымша құрылғыларды пайдаланудың қажеті болмайды. Нақты орнату процесі интеграция бойынша серіктесіңізге байланысты.
Мәзір автоматты түрде жаңартыла ма?
Иә. Интеграция іске қосылған кезде, POS жүйесіне енгізілген мәзір өзгерістері Wolt жүйесімен автоматты түрде синхрондалады.
Интеграция қателердің алдын алуға көмектесе ме?
Интеграция деректерді қолмен енгізуден болатын қателерді азайтуға көмектеседі, бірақ қате ақпаратты түзете алмайды. Егер POS жүйесіндегі мәзір немесе бағалар қате көрсетілсе, Wolt-та да олар қате көрсетіледі.
Арнайы техникалық білім қажет пе?
Әдетте қажет емес. POS жүйесінің провайдері мен Wolt орнату процесінің барлық кезеңінде сізге көмектеседі.
Орнату процесіне кімдер қатысады?
Әдетте орнату процесіне POS немесе аралық бағдарламалық жасақтама провайдері, Wolt өкілі және мейрамхананың POS жүйесіне жауапты қызметкер қатысады.